Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

 2025  жылдың 22 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі» атты облыстық оқыту семинары өтті.

     Іс-шараға 297 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы  №125 бұйрығына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-әдістемелік көмек  берілді.

          Сонымен қатар, мектеп тәжірибесінде қорытынды аттестаттаудың жүйелі өткізілуі бойынша мемлекеттік емтихандарға оқушыларды дайындау түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, сұрақтармен жұмыс жүргізуде тиімді тәсілдерді қолдану туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Семинар қорытындысында қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытындағы материалдар таратылды.

  

  

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылы 28 сәуірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКО - ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ»

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық экологиялық бастаманы және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылдың 21 сәуірінде Астана қаласында Мемлекет Басшысының қатысуымен қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» технологияларды енгізу, тұрақты даму және экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты көрме тақырыптарының кең ауқымын қамтитын «Таза Қазақстан» атты Эко-фестивалін ұйымдастырып өткізді.
Аталған іс-шараға «Green School» жобасы Жамбыл облысы, Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Оразалы Нұргүл Өркенқызы, жоба жетекшісі Джангарашева Ардақ Толепбаевна қатысып, Мемлекет Басшысының арнайы бағалы сыйлығымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

    

  

«Әртүрлі мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, ақпаратты интерпретациялау және талдау жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 сәуір күні оқытылуы қазақ тілінде емес сыныптардағы оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге «Әртүрлі мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, ақпаратты интерпретациялау және талдау жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында педагогтермен мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, ақпаратты интерпретациялау және талдау жолдарын ұсынды. Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарыда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өтетіндігі және төрт дағдыға сәйкес нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді. Облыстық онлайн семинарға 115 педагог қатысты.