«Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті
2024 жылдың 25 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мақсатты мектептер» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында педагогтерге сабақты жоспарлау, дайындау кезеңдері, І тоқсандағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінің оқу бағдарламасында кездесетін күрделі оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру жолдары және оларға қойылатын талаптар, тиімді әдістерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды. Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 194 педагог қатысты.