«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде вебинар өтті
2021 жылдың 4 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандырылған « Білім-инновация» лицей-интернатының тәжірибелі мұғалімдері «Тепе-теңдік (Equilibrium) тақырыбын түсіндірудің тиімді сценарийін жасау (Химия, 10 сынып)», «Қашықтықтан оқыту барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану »тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде вебинар өтті.
Іс-шара барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану арқылы химия сабағында интерактивті оқыту, топтық жұмыс, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың тиімді әдіс -тәсілдерін көрсетті.
Аталған іс-шараға облыстың 76 химия пәні мұғалімдері қатысты.