«География сабағында кері байланысты алудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық шеберлік сынып өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22 желтоқсан күні «География сабағында кері байланысты алудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық шеберлік сыныбы өтті.
География сабағында жүргізілетін кері байланыс түрлері мен кері байланыс алудың тәсілдерін, кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту жолдары көрсетіліп, ақпараттық - әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 205 педагог қатысты.