Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 12 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  Айша-бибі атындағы қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Сауытбай Рүстем «Application of Derivative.Туындының қолданылуы» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, қарапайым термин сөздердің ағылшын тілінде қолданысы туралы мағлұматтар берді. Аталған іс-шараға облыстың  405 педагогі қамтылды.

Мектеп директорларына арналған облыстық семинар-тренинг өтті

2018 жылдың 12 желтоқсанында білім сапасын жақсарту үшін мектепті инновациялық басқару дағдыларын дамыту мақсатында «Білім сапасын көтеру жолдары» атты семинар-тренинг өтті

Семинар-тренингке білім басқармасының мамандары, мектеп директорлары, барлығы 100 адам қатысты.

          Іс-шара барысында Меркі ауданындағы И.Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының әкімшілігі «Мектепті инновациялық басқарудың даму жоспарын жасау», «Мұғалімдердің тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру», «Жетекші мектептің жұмысы арқылы мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ету» тақырыптарында тренингтер өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Білім  беру мекемелерінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 қарашасында дене тәрбиесі пәні мұғалімдері үшін «Білім  беру мекемелерінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум  өтті.

Аталған іс-шараға аудандардан  пән әдіскерлері мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері,    барлығы  45  мұғалім қатысты.

 Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен іс-шарада  мұғалімдер өзара тәжірибе  алмасты, ақпараттық-әдістемелік  құралдармен қамтамасыз етілді.

Облыстық онлайн коучинг-сессия өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен        2018 жылдың 11 желтоқсанында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп әдіскерінің қызметін инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» атты облыстық онлайн коучинг-сессия өтті.

Онлайн коучинг-сессияға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінен жауапты әдіскерлер, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 257 адам қатысты.

          Коучинг-сессия жұмысында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, озық педагогикалық тәжірибелер көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты.

«Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы»  тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті

2018 жылдың 30 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласында Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында облыстың педагог қызметкерлеріне «Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция  өткізілді.

        Аталған іс-шараға облыс көлемінде жалпы орта білім беретін мектептерден 160 педагог қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау.        

 Ғылыми-практикалық конференцияның жұмыс мазмұны пленарлық және секциялық отырыс форматында өтті.

          Конференция барысында білім қызметкерлері  тұжырымды ойларын ортаға салып, конференция материалдарының жинағы жарияланды.