Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингі жүргізілді
ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 30 пилоттық мектептің 4-сыныптарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарын апробациялаудың мониторингін және жалпы білім беретін мектептердің 3, 6, 8 сыныптарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингін 5-9 қараша күндері аралығында жүргізді.
Іс-шара барысында 3, 6, 8 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдеріне сабақты жоспарлау үдерісінің ерекшеліктері, берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы мен сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Сарысу мен Шу аудандарында әдістемелік десанттар өтті
Мектеп басшылары мен директордың орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті
Дөңгелек үстел өтті
Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында әдістемелік десанттар өтті