ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2022 жылдың 14 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесіп, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында «Кәсіби бағдар беруші педагог лауазымының атқаратын қызметі» атты облыстық оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараға кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты әдіскерлер, мектеп директорларының орынбасарлары, кәсіптік бағдар беру педагогі қызметкерлері, барлығы 95 адам қатысты.
Облыстық оқыту семинары барысында қатысушылар кәсіптік бағдар жұмысына жауапты кадрлар әлеуетін арттыру, заманауи кәсіптік бағдар беру педагогінің жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар беру педагогінің мектеп педагогімен ерекшелігі, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына грантқа түсудің айырмашылығы, білім алушыларға кәсіби бағдар беруді және мамандық таңдауға бағдарлау, нәтижені талдау жұмыстарын сапалы жүргізу және сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру бойынша пікір алмасып, білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын сапалы жүзеге асыру бойынша ақпараттық-әдістемелік, тәжірибелік көмектер берілді.