ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен  жұмыс  жасаудың  тиімді әдістері»  тақырыбында облыстық вебинар өтті

       2021 жылдың 12 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен жұмыс жасаудың  тиімді әдістері»  тақырыбында облыстық вебинар  (zoom бейнебайланыс режимінде)  өткізілді, барлығы  143  педагог қатысты.

        Вебинар барысында әлеуметтік-психологиялық қызметте ата-аналармен қашықтан оқыту жағдайында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен  жұмыс бағыттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар беріліп, жаңашыл идеяларымен  алмасып,  әдістемелік  көмек берілді.   

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 11 ақпанында «Педагог мәртебесі туралы заңы: мазмұны мен тәжірибесі» тақырыбында онлайн режимінде вебинар өтті.  

Іс-шара барысында 2019 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізінде бекітілген орта білім беру жүйесіне қатысты нормативті–құқықтық актілер мен білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, білім беру ұйымдарында педагогтерді аттестаттау талаптары мен кезеңдері және инклюзивті білім беру жағдайында оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтай отырып, тәжірибеге енгізу жолдары туралы                   ақпараттық –әдістемелік көмек берілді.

          Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 14 педагог қатысты. 

«Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды  шешу мен алдын  алу  шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында  облыстық   вебинар  (zoom  бейнебайланыс режимінде)   өтті

2021 жылдың 11  ақпан  күні  мектеп  директорының  құқықтық,  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге  арналған  «Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды  шешу мен алдын  алу  шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында  облыстық   вебинар  (zoom  бейнебайланыс режимінде)  өткізілді.  Аталған іс-шараға барлығы  126 педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбиенің құқықтық бағыты  бойынша жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11 қараша  күні «Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жолдары  тақырыбында  «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы  Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті.

          Облыстық онлайн вебинарға 7 педагог қатысты.

          Іс-шара барысында география  пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру, тәлімгерлікті  жүзеге асыруда педагогтерге  қойылатын талаптар,  педагог мәртебесі,  оның құқықтары мен  міндеттерін  жүзеге  асыруға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.

«Педагог мәртебесі туралы Заңы:  мазмұны мен тәжірибе»  тақырыбында вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік ағымдағы жылдың  11 ақпан  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  «Ауыл мектебі» жобасына енген Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педагог мәртебесі туралы Заңы: мазмұны мен тәжірибесі» тақырыбында онлайн режимінде вебинар  өтті.

Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен вебинарға   32 педагог қатысты.

Іс-шара барысында вебинар қатысушылары 2019 жылдың                           27 желтоқсанында қабылданған  «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізінде бекітілген 2020-2021 оқу жылында орта білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер,   педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары,  портфолиоға қойылатын талаптар, электронды портфолио үлгісі бойынша тәжірибе алмасты.