«Білім беру ұйымдарында суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын нәтижеге бағыттау жолдары»тақырыбында педагог-психологтарға арналған облыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 23 сәуір күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Білім беру ұйымдарында суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын нәтижеге бағыттау жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өткізілді, барлығы 312 педагог-психолог қатысты.
Сондай-ақ семинарға қатысушы педагог-психологтар мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызметті, әсіресе күйзеліс, қажу отбасында туындаған дағдарыстық жағдайлар, қоғамдық өмірде кездесетін зорлық зомбылық, бәскелестік, оқушылардың суицидтік мінез-құлық мәселелері оның алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары туралы айтылды және электронды түрде таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.