«Мектепке дейінгі ұйымдарда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
2019 жылдың 23 қаңтарында Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласы, «Солнышко Тараза» жекеменшік балабақшасының базасында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумның барысында ұйымдстырылған оқу қызметтері, фестиваль және тренингтер жүргізіліп, өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 44 педагогі қамтылды.