«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті
2024 жылдың 16 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі география пәнінің мұғалімдері «География сабағында Playfactile жəне Quzizz платформаларын қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру», «ББЖМ-ға дайындау барысында география пәнінен деңгейлік тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары» тақырыптарында жас мамандарға семинар өтті.
Семинарға барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын, білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-де кездесетін және Playfactile және Guizizz платформаларын қолдану арқылы деңгейлік, логикалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті, электронды дидактикалық материалдар таратылды.
Аталған іс-шараға облыстың 46 педагогі қатысты.