«2023-2024 оқу жылында Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті
2023 жылдың 14 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандық құзыреттер» курсына жауапты әдіскерлер мен педагогтерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «2023-2024 оқу жылында Жаһандық құзыреттер курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
Облыстық вебинар барысында әдіскер П.Катабаева «Жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда 2022 жылғы 21 қараша айының №467 бұйрығымен бекітілген, 10-11 сыныптарда 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүргізілетіндігін ескере келе, сыныптар бойынша әр бөлімнің (юниттің) сағат санындағы өзгерістерге талдаулар жасады. «Жаһандық құзыреттер» курсын жүргізетін педагогтердің «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталықтарынан курстан өту қажеттілігіне тоқталды. Іс-шара соңында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің курсқа жауапты әдіскерлеріне, педагогтерге курсты оқыту барысында қажетті ақпараттық материалдарды ұсынды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен «Жаһандық құзыреттер» курсына жауапты әдіскерлер мен педагогтер, жалпы 128 педагог қатысты.