Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Үздіксіз даму шеберханасының» ашылу салтанаты өтті

2023 жылдың 29 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог» конкурсы жеңімпаздарының тәжірибесін тарату жұмыстарын жандандыру тапсырмасы және Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның «Үздіктен үйрен» жобасының аясында Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атақтарының иегері Қалмаханова Айгүл Базарбайқызының «Үздіксіз даму шеберханасының» ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – үздік педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған үздік тәжірибелерін тарату, пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының» директоры Е.Ә.Жұмашев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.О.Досыбаева, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Д.Ш.Ускумбаева, «Өрлеу» БАҰО-ның директоры С.С.Құрманбекова, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің біріккен комитеті филиалының төрағасы Ж.Т.Орынбеков қатысты.
Айгүл Базарбайқызы - «Қорытынды емтиханға қалай дайындалу керек?», «4-сынып оқушыларының оқу құзіреттілігін дамыту», «5-10 сыныптарға арналған «Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Бастауыш сыныптарға арналған «Орыс тілі» пәнінен жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы», «Орыс тілі сабағында сөйлеу дағдыларын қалай жақсартуға болады?» атты әдістемелік ұсынымдардың, «Көмекші сабақтар» авторлық бағдарламасының, «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша практикум» оқу-әдістемелік кешенінің, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру ерекшеліктері (жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбы үшін) әдістемелік құралдарының авторы.

«Бастауыш білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Бастауыш білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 508 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу барысында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың түрлері бойынша тәжірибе алмасты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

2023 жылдың 15 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бірлескен жоспар аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме» атты Халықаралық педагогикалық оқулары және «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы өтті. Аталған іс-шараға ЖОО-ның ғалым-академиктері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары мен педагогтер, барлығы 250 адам қатысты.
Іс-шара барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетімен ынтымақтастық байланысты іске асыру жолдары туралы, Қазақстанның білім саласындағы эксперттер лигасының президенті Г.Абишева «Қазақстандық білім берудің даму траекториясы», Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің академигі К.Жанпейісова «Жоғары педагогикалық білім берудегі интеграция және интеграциялық процесстер», Ресей федерациясының Шадрин мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Н.Скоробогатова «Ресейдегі болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесін жаңғыртудың қазіргі тенденциялары», «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Дүйсебек «Ұлттық құндылықтар-қоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыптарында пленарлық мәжіліс жұмысы, шеберлік сыныптар көрсетіліп, тәжірибелерін таратты.

«Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез–құлықтың себептері және
алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық семинар- тренинг өтті

2023 жылдың 15 наурыз күні педагог-психологтарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез–құлықтың себептері және
алдын алу жолдары» тақырыбында облыстық семинар - тренинг өткізілді, барлығы 118 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Профилактика суицидального поведения детей и подростков», «Мен өміріме, қажеттілігіме жауаптымын», «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жолдары», «Жасөспірімдердің өмірге құштарлығын арттыру жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар мектептегі психологиялық қызмет жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

«Мектептегі информатика курсындағы робототехника» тақырыбында онлайн-семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 наурызы күні информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Мектептегі информатика курсындағы робототехника» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Информатиканы оқытуда робототехника бойынша оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру және бағалау дың әдістемелік дағдыларын жетілдіру, тиімді әдістерді тарату, тәжірибе бөлісу мақсатында өткен іс-шараға барлығы 47 педагог қатысты.