Облыстық семинар өтті
2022 жылдың 11 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM бейнебайланыс режимінде оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері» тақырыбында химия, биология, география пәндерінің мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту және жаҺандық құзіреттіліктерін арттыру, мәселені бірлесе шешу мен креативті ойлау дағдыларын жетілдіру аясында берілетін мәнмәтіндік тапсырмалардың құрылымы мен ерекшеліктері, оларды шешудің тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Педагогтарға ақпарақтық-әдістемелік көмек беріліп, дидактикалық материалдардың электронды нұсқалары таратылды.
Аталған іс-шараға Меркі, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарынан 108 педагог қатысты.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН
2022 жылдың 13 қазан күні білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, суицидтің, жасөспірімдердің психологиялық-әлеуметтік репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша, кибербулинг пен киберқылмыстың, қатыгездіктің алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің меңгерушілеріне, тәрбие, құқық жұмысына жауапты әдіскерлеріне және психолог әдіскерлеріне арналған әдістемелік кеңес өткізілді, барлығы 43 әдіскер қатысты.
2022 жылдың 13 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Құндылықтарға бағытталған тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» тақырыбында облыстық шеберлік сынып (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 педагог қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 қазан күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Білім беру ұйымдарында репродуктивті денсаулықтың алдын алу бойынша жүргізілетін әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.