«Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2019 жылдың 14 мамыр күні «Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға 50 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері сабақтың мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу, бөлім бойынша жиынтық бағалау негізінде рубрика жазу, тоқсандық жиынтық бағалау бойынша модерация жүргізу тәртібі, жүйелік-әдістемелік кешенге (http://smk.edu.kz) тіркелу, ЖӘК материалдармен жұмыс жасау, пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері мен заманауи білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Дөңгелек үстелдің соңында мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алды.

«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» жалғасуда
«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» жүргізілуде.