Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет
Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру
«Руани – адамгершілік білім беру бағдарламасының бүгінгі таңдағы өзектілігі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтті.
2018 жылдың 16 қарашасында Меркі ауданы, №9 В.Савва атындағы жалпы білім мектеп-лицейінің базасында облыстық семинар-практикум өтті. Семинарға 50 педагог қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.
Іс-шара барысында баяндама оқылып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар көрсетілді. Ақпараттық-әдістемелік электронды құралдар таратылды.
Облыс бойынша жалпыхалықтық диктант жазылды
2018 жылдың 14 қарашасындағы Жалпыхалықтық диктантқа аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп басшылары, педагогтар, оқушылар, студенттер, барлығы 66 184 адам қатысты.
Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында әдістемелік десанттар өтті
Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 13 қараша күні Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.
Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 357 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.
Жамбыл, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында әдістемелік десанттар өтті
Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 15 қараша күні Жамбыл, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.
Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 157 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЕҢ ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ-2018» БАЙҚАУЫНДА 4 ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГ БІРІНШІ ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11-13 қараша күндері аралығында Алматы қаласында білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, кәсіби біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Ең үздік жыл психологы-2018» атты республикалық байқауы өткізілді.
Республикалық байқауға 3 жыл, 3-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 4 педагог-психолог қатысты.
Республика деңгейінде педагог-психологтарымыз кәсіби біліктілігін көрсетіп, теориялық білімі мен практикалық шеберлігін ұштастыра отырып, жаңашылдығымен ерекшеленген әріптестеріміз әділқазылардың әділ бағасына ие бола білді. Олар Секербекова Айнұр Әскербекқызы - Шу ауданы, С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі, Сүлейменова Жаңылкүл Қалмаханбетқызы - Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі, Қырықбаева Гүлжан Досалықызы - Т.Рысқұлов ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің педагог-психологі және Асубаева Гүлзада Асанқызы - Меркі ауданы, №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологтары І орындарды жеңіп алып, І дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.