Жуалы ауданында әдістемелік десант өтті
Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 15 ақпан күні Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, психологтар), барлығы 242 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.