Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

2023 жылдың 6 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Мойынқұм ауданының Қашқантеңіз, С.Сейфуллин атындағы, Ағыбай батыр атындағы, Қ.Сәтпаев атындағы, К.Қасымов, Мыңарал, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептері мен "Қуаныш", "Ақбөпе" бөбекжай-бақшаларының әкімшілігі мен педагогтеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында білім мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өтудің бағалау өлшемшарттарының сапалы орындалуы бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестендірілуі, педагогтердің бейінін сәйкестендіру мен біліктілік курстарынан өтуі, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша өзін-өзі бағалауы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу жоспарларының құрылуы, инвариантты компоненттің оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкестендірілуі, үйірме жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Жолда жүру ережелері» оқу курстары мазмұнының орындалуы, «Күнделік» журналының талапқа сай толтырылуы бойынша жұмыстар жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыбында
облыстық тәжірибелік-семинар өтті

2023 жылдың 6 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Кибербуллинг пен буллингтің ерекшеліктері және профилактикасы» тақырыбында облыстық тәжірибелік - семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 100-ге жуық педагог қатысты. Іс-шара барысында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының №1 мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ишматова "Мектептегі буллинг және оның алдын алу", Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Аманжол "Қазіргі кезеңдегі кибербуллингтің алдын алу мәселелері", Ақтоған орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Турманбетова «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі және зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік-семинарға қатысушылар білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың, кибербуллинг пен буллингтің алдын-алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

Қордай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін педгогтерге «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертуде білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28-29 наурыз күні Қордай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгертуде білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» атты облыстық әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара барысында «Оқу сауаттылығы тапсырмаларының құрылымы мен ерекшеліктері» тақырыбының аясында мәтінді оқу және ақпаратты өңдеу дағдыларын күшейту жолдары меңгертілді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инклюзивті білім берудің алғышарттары» тақырыбы аясында инклюзивті білім беруді дамытудағы нормативтік-құқықтық актілер және педагогикалық-психологиялық қолдау ортасын құру бойынша ұсынымдар айтылды.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тиімді жолдары талқыланды, жас мамандармен жұмыс түрлері, педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігі мен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар таныстырылды.
Сонымен қатар қорытынды аттестаттауға дайындаудағы эссе жазудың тиімді әдіс-тәсілдері мен бағыттары талданды. Жазба жұмыс түрлерінің (эссе, мақала, әңгілмелеу) ерекшеліктері мен ұқсастығы туралы түсінік беру жұмыстарын жүргізді.
Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен облыстық семинарға 246 педагог қамтылды.

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын жүзеге асырып, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпшілікке танытуда.
2023 жылдың 3 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерованың қатысуымен жас педагогтердің кәсіби қызметін қолдап, тәжірибелі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал ету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының директоры және үздік педагогтерімен кездесу өтті. Бұл мектеп- үздік ұстаздар ұстаханасы. Себебі, мектептің 6 бірдей ұстазы - «Үздік педагог» атағының иегерлері. Олар: М.Талқанбаев, Б.Дүйсенбаев, Н.Қиялбеков, С.Айдарбекова, Ж.Досыбаев, Н.Давлетбаев.
Ұстаздың басты міндеті – сапалы білім беру. Осы жолда қалтқысыз еңбек етіп, шығармашылық ізденісте жүрген мұғалімдер жеңістерге жол бастайды. Жиын барысында педагогтермен «1+10» тәлімгерлік жобасы, «SABAKTIME» жобасын жүзеге асыру жолдары, үздіктердің мақсат-міндеттері мен алға қойған жоспарлары талқыланды.

ШУ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ӨТТІ

2023 жылдың 29 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Шу ауданы білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен директордың оқу-ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбараларына, аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің әдіснамалық негіздері» атты облыстық әдістемелік десант өтті.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен педагогтері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, барлығы 200 адам қатысты.
Әдістемелік десант барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ-2022) нәтижелері, мемлекеттік аттестаттаудан өту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, білім сапасын қамтамасыз етудегі мектепішілік бақылау, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары, мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары, білім сапасына әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер бойынша тиімді ақпараттық-әдістемелік көмектер берді.
Қатысушыларға қажетті материалдардың электронды нұсқалары таратылды.