Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту»тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 4 қарашасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған республикалық семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мектептегі тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін талқылау және білім алушылардың тарихи білімін дамыту жолдарын айқындау, осы мәселелерді шешуге жоғары білікті педагогтерді тарту.
Семинар-тренингке республика өңірлерінен келген тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 40-қа жуық педагог қызметкер қатысты.
Іс-шара барысында тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін пайдалану, педагог-шеберлердің диалог алаңын құру, пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мәселелері сөз етілді. Қазіргі кездегі инновациялық технологиялар, үлгілі авторлық бағдарламалар, озық тәжірибелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасты.

              Мектепке дейінгі ұйымдардағы апробация

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 4 қараша күні «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог», «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобалары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарын апробациядан өткізу бойынша Жамбыл ауданы, «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының іс- тәжірибесіне бақылау жүргізді.
Пилоттық жобаның, апробацияның мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу, педагогтардың жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.
Апробацияны бақылау барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.

«Тарих пәнінен оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2022 жылдың 2 қараша күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Шу ауданы мен Тараз қаласының тарих пәні мұғалімдеріне пән бойынша оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері, контекстік тапсырмалар мен олардың түрлері, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық вебинар өтті.
Іс-шараға барлығы 156 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 2 қараша күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі және зорлық – зомбылықтың алдын алу профилактикасы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 87 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Меркі ауданының педагог-психологтары Назаралиева Айгерім Талғатқызы, Исаева Набира Зинаддинқызы, Тотаева Лаура Керімқұлқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Мектепке дейінгі ұйымдардағы апробация

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 3 қараша күні «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог», «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобалары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарын апробациядан өткізу бойынша Тараз қаласы #35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасының іс- тәжірибесіне бақылау жүргізді.
Пилоттық жобаның, апробацияның мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу, педагогтардың жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.
Апробацияны бақылау барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.