«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 25 наурыз күні Жетекші мектептердің әкімшілігі, 5-11 сыныптарға сабақ беретін химия, физика, орыс тілі және биология пән мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында Microsoft teams платформасы арқылы онлайн режимінде тәжірибелік семинар өтті.
Аталған іс-шараға облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері, облыстың Жетекші мектептердің директорлары мен үйлестірушілері және пән мұғалімдері, барлығы 682 білім қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында тәжірибелік семинардың қатысушылары келіспеушіліктерді реттеудегі көшбасшылық, табысты мектеп жүйесін құрудағы көшбасшының рөлі, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу жолдары, бағалау құралдары (оқыту мақсаттары, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейлері, тапсырмалар, дескрипторлар) бойынша тәжірибе алмасты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 25 наурыз күні білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның, №1 мектеп-гимназияның, Бурыл, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінің озық іс-тәжірибелері таратылды «Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің инновациялық жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 117 педагог қатысты.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 наурыз күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 124 педагог қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 наурыз күні білім беру ұйымдарының директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Жеткіншектер арасында девиантты мінез-құлықтың пайда болуының әлеуметтік-психологиялық себептерін алдын алу және түзету жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 117 педагог қатысты.