«Мәңгілік - ел алыбы» тақырыбында ұйымдастырылған көрмелер туралы
Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 9-26 ақпан күндері білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Мәңгілік - ел алыбы» атты виртуалды иллюстративті көрмелер ұйымдастырылды.
Іс – шараның мақсаты - оқушылар арасында М.Мақатаевтың өлең жырларын кеңінен насихаттау.
Виртуалды көрмеге барлығы 442 мектептің кітапханалары қамтылды.
«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті
ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ
«9 сыныптарда тарих пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, өткізу және бағалау ерекшеліктері» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 25 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.