«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2020 жылдың 23 желтоқсан күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.
Онлайн-кеңес барысында педагогтарға жобалық жұмысты жүйелеп жүргізудің жолдарын анықтау, «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялап оқыту бағытындағы жұмыс түрлерімен танысу, қашықтан оқыту жағдайында желілік қауымдастықта «Өзін-өзі тану» сабағын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 143 «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, барлығы 154 педагог қатысты.
«Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті
«География сабағында кері байланысты алудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық шеберлік сынып өтті
«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне онлайн семинар өтті
«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті