«Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 31 қаңтар күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 1310 (ағылшын тілі пәнінен - 710, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - 600) педагог қатысты.
Іс-шара барысында ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибе алмасты.
Сарысу ауданында әдістемелік десант өтті
«Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтт
«Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» мен «Сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу мақсатына қол жеткізу жолдары» тақырыптарында онлайн режимінде семинар өтті