Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингі  жүргізілді

ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық білім академиясы 30 пилоттық мектептің 4-сыныптарында оқу бағдарламалары  мен оқулықтарын апробациялаудың мониторингін  және жалпы білім беретін мектептердің 3, 6, 8 сыныптарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің мониторингін 5-9 қараша күндері аралығында   жүргізді.

Іс-шара  барысында 3, 6, 8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдеріне сабақты жоспарлау  үдерісінің ерекшеліктері, берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы мен сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлексиясы бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Сарысу мен Шу аудандарында әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 9 қараша күні Сарысу мен Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 141 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Мектеп басшылары мен директордың орынбасарларына арналған оқыту семинары өтті

2018 жылдың 9 қарашасында 2018-2019 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көшбасшылық пен менеджмент», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабаққа  мониторинг жасаудың тиімділігі» тақырыптарында оқыту семинарлары өтті.

Оқыту семинарына барлығы 45 мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары қатысты.

Дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 9 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы                 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы: ұстаз беделі мен мәртебесі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге білім басқармасының мамандары, ЖОО-ның ғалымдары, мектеп директорлары, жалпы білім беретін мектептердің педагогтары барлығы 60 адам қатысты.

Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 8 қараша күні Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 453 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.