«Мектеп кітапханасы - оқушылар мен мұғалімдерге арналған мектеп ресурстары алаңы» тақырыбында шеберлік сынып өтті - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Мектеп кітапханасы - оқушылар мен мұғалімдерге арналған мектеп ресурстары алаңы» тақырыбында шеберлік сынып өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 наурыз күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Мектеп кітапханасы - оқушылар мен мұғалімдерге арналған мектеп ресурстары алаңы» тақырыбында шеберлік сынып өтті.
Аталған іс-шара кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру, заманауи әдістер мен таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында «Kіtaphana.edu.kz.» – білім беру ұйымдарындағы мектеп кітапханасының қоры және «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы іс-шараларының сандық есептері, «Bookfund.gov.kz» – Қазақстан Республикасының Кітап ісінің ақпараттық жүйесі, «ETANDAU.GOV.KZ» - Электрондық платформаларында оқулықтарды таңдау автоматтандырылған жүйе бойынша ақпараттар беріліп, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді
Шеберлік сыныбына әдіскерлер мен 136 кітапхана қызметкерлері қатысты.