Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті

 

2024 жылдың 28 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «1000 мектеп» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында күрделі оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында педагогтерге сабақты жоспарлау, дайындау кезеңдері, ІV тоқсандағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінің оқу бағдарламасында кездесетін күрделі оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру жолдары мен оларға қойылатын талаптар,              тиімді әдістерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері,  тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 197 педагог қатысты.