МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРХАНА ӨТТІ - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРХАНА ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 сәуір күні мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологтарына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық педагогикалық шеберхана өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог-психологтары, барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жұмыстары және мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық қызметтің ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.