БАЙЗАҚ, ЖАМБЫЛ, ЖУАЛЫ, МЕРКІ ЖӘНЕ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 16 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 420 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.