БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕНОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ
2022 жылдың 1 7 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен педагогикалық қоғам арасында «Педагог» кәсіби стандартын уәждемелі және белсенді түсіну үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
мақсатында облыстық онлайн-кеңес өтті.
Кеңеске “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры С.Құрманбекова, Жамбыл облысы бойынша Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ж.Атенов, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 500 педагог қатысты.
Іс-шара барысында «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай тірек нүктесіне айналатындығы, осы кәсіптік стандартты ескере отырып білім беру бағдарламалары, сертификаттау рәсімдері мен аттестаттау, үздіксіз біліктілікті арттырудың мазмұны әзірленеді және жаңартылады сондай-ақ, педагогикалық кадрлардың қызметі бойынша жоғарылату стратегиясы құрылатындығы туралы айтылды.