Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ӘКІМШІЛІГІНЕ  «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТРЕНДТЕРІ» АТТЫ ОНЛАЙН ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ  ӨТТІ

2021 жылдың  19 тамызында   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының  ұйымдастыруымен  ҚР БжҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментімен бірлесе отырып,   мектеп әкімшілігі, педагогтер, колледж басшылары мен оқытушылары үшін Тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру жүйесіндегі цифрландырудың жаңа трендтері» атты онлайн панельдік сессиясы өтті.Онлайн сессияға 660-тан астам білім қызметкерлері мен білім басқармасы  басшысының орынбасары Ж.Е.Бекбатырова қатысты.

Панельдік сессия жұмысы барысында мамандандырылған білім беру ұйымдары басшыларының және жетекші практик мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі таратылды.

ҚР БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаменті цифрлық даму басқармасының басшысы Жүсіпова Гүл Ғабдулуалитқызы «Цифровые тренды развития Образования» тақырыбында баяндама жасады.          Әзірлеуші-әдіскер STEAM.kz, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Мұрат Бегайым Мұратқызы «МЖМБС стандарттары бойынша Digital STEAM» баяндама жасаса, "R4 Technology and Research Center"  зерттеулер бөлімінің басшысы Алимжанов Дархан Аманжолович «Цифрлық/сандық дағдыларды енгізудің тиімді әдісі» тақырыбында іс-тәжірибе бөлісті.  IoT Board әзірлеу бөлімінің басшысы Тажиханов Мардонжон Азаматұлы  «Робототехниканы оқытуды қалай жеңілдетуге болады» тақырыбымен ақпараттандыру саласындағы тың жаңалықтармен бөлісті. Жоба менеджері, BTS Education әзірлеушісі Тимур Бектұр «Білім беру жүйесіндегі кәсіптік бағдар беру бойынша цифрлық шешімдер» тақырыбында кәсіби бағдар беру бойынша  ақпараттармен таныстырды.

Білім қызметкерлері үшін панельдік сессия   тың ақпараттарымен, мазмұндылығымен ерекшеленді.

«Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2021 жылдың 19 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің   оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары»  тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу, Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, математика пәні мұғалімдері, барлығы             278 педагог қатысты.

Секция отырысында 2021-2022 оқу жылында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқу бағдарламалары, пәнді оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтаудың әдіс-тәсілдері туралы  ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Жалпы орта білім беру мекемелерінде  тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2021 жылдың 18 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Жалпы орта білім беру мекемелерінде  тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері»  тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, барлығы 263 педагог қатысты.

Секция отырысында 2021-2022 оқу жылында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқу бағдарламалары, тарих пәнін оқытудың ерекшеліктері мен міндеттері, пәнді оқытуда өз бетінше іздену жұмыстары,  тарих сабақтарында пәндік құзыреттіліктерді дамыту  туралы ақпарат пен әдістемелік  ұсынымдар берілді.

«Өлкетану. Экология. Туризм» тақырыбында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін білім қызметкерлеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

2021 жылдың 18 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін білім қызметкерлеріне арналған «Өлкетану. Экология. Туризм» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты –      білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Облыстық секция отырысына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін 278 педагог қатысты.

Секция отырысында «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстарының мақсаты мен міндеттері, білім алушылардың өлкетанулық құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі аспектілері, оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін дамытудағы экскурсиялардың маңызы,  мектептегі экологиялық білім мен тәрбие беру бағыттары, өскелең ұрпақты туризмге баулудың негізгі мәселелері туралы ақпарат пен әдістемелік  ұсынымдар берілді.

Облыстық тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалымен бірлесе отырып, 2021 жылдың                           18 тамызында «Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш білім берудің жайы мен 2021-2022 оқу жылындағы  міндеттері» тақырыбында  жалпы білім беретін мектептердің  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  секциялық отырысы өтті. Zoom бейнебайланыс режимі арқылы өткен іс-шараға   268  педагог қатысты.

 Іс-шара барысында қатысушылар  2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері, төңкерілген сынып моделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі, бастауыш  білім беру сатысында функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары,  шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру бойынша тәжірибе алмасты.