«География пәнінен ҰБТ тапсырмалары бойынша жұмысты үйлестіру тиімділігі» тақырыбында қашықтан вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 29 наурыз күні «География пәнінен ҰБТ тапсырмалары бойынша жұмысты үйлестіру тиімділігі» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған вебинар өтті. Вебинарға 223 педагог қатысты.
Вебинар барысында оқушыларды ҰБТ – ға дайындауда оқыту процесін тиімді, жүйелі ұйымдастыруды арттыру арқылы контекст негізіндегі тапсырмалар пән бойынша терең білімді (меңгерудің жоғары деңгейі), контекстті оқу мен түсіну, контекст мазмұны бойынша рефлексия жасау, салыстыру мен талдау және т.б. кең көлемдегі дағдылар мен біліктерді бағалайтынын, оның негізіндегі тапсырмаларға тәжірибе мен нәтижеге бағыттау жолдары көрсетіліп, ақпараттық әдістемелік көмек көрсетіліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.
«Парасатты қоғам – мемлекет болашағының негізі» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 наурызында «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын диагностикалау» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Вебинарға 120-ға жуық білім бөлімдерінің кәсіптік бағдар жұмысына жауапты әдіскерлері мен мектептердегі осы жұмысты үйлестіруші қызметкерлер қатысты. Шарада жасөспірімдер мен мектеп түлектерінің кәсіби бағдарын айқындаудағы психологиялық диагностикалау жұмыстары, кәсіби бағдар беруде арнайы курстардың рөлі туралы айтылды. Меркі ауданының педагог-психологтары Р.Ш.Умирзакова мен Ә.С.Назаркулова өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Шығармашылық ізденіс – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті