«Оқыту мен оқудағы креактивтілік» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
19 ақпанда «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі М.Д.Талқанбаевтың «Оқыту мен оқудағы креактивтілік» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өткізілді.
Іс-шара барысында М.Д.Талқанбаев «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасымен, электрондық портфолиосының мазмұны мен шығармашылық тақырыбы аясында жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сынып барысында оқыту практикасы үшін математикалық сауаттылықтың моделіне, халықаралық PISA зерттеуінің тапсырмаларында кездесетін математикалық сауаттылық аспектілеріне, сабаққа арналған тапсырмаларды іріктеуге және оқыту мен оқудағы креативтілікті дамытуға ықпал ететін жағдайлар мен креативтіліктің деңгейлеріне, ойлау техникаларына тоқталып, іс-тәжірибеде пайдалану жолдары қарастырылды.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 212 педагог қатысты.
«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті
«Физика, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
«Латын графикасы: жаңа қазақ әліпбиі және орфография мәселелері» тақырыбында ашық диалог алаңы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін 2021 жылдың 18 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық онлайн кеңес өтті.