Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2020 жылдың 23 желтоқсан күні    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн-кеңес өтті.

Онлайн-кеңес барысында педагогтарға жобалық жұмысты жүйелеп жүргізудің жолдарын анықтау, «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялап оқыту бағытындағы жұмыс түрлерімен танысу, қашықтан оқыту жағдайында желілік қауымдастықта «Өзін-өзі тану» сабағын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,   143 «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, барлығы 154 педагог қатысты.

«Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы» тақырыбында   облыстық вебинар өтті

22 желтоқсан  күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандар мен Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Бауыржан Момышұлы және қазақ ұлтының рухани мұрасы»    тақырыбында    вебинар  өтті.

 Іс шараның мақсаты - Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өнегелі мұрасын насихаттау.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 193 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. 

«География сабағында кері байланысты алудың  тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде облыстық  шеберлік сынып өтті                              

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 22 желтоқсан күні «География сабағында кері байланысты алудың  тиімді жолдары» тақырыбында  облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде облыстық  шеберлік  сыныбы  өтті.

       География  сабағында   жүргізілетін  кері  байланыс түрлері  мен  кері байланыс алудың  тәсілдерін,  кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсарту жолдары  көрсетіліп,  ақпараттық -  әдістемелік  көмек  көрсетілді.

       Аталған іс-шараға  барлығы  205  педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география  пәнінің  мұғалімдеріне онлайн семинар өтті

    2020 жылдың  23 желтоқсан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының география  пәні  мұғалімі Суанбеков Нурлан Үсеналыұлы               «Қашықтықтан оқытудағы жаңа ақпараттық-сандық технологиялар»  тақырыбында география пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн семинар өтті.

Іс-шара барысында  қашықтықтан оқыту жағдайында география сабағында  ақпараттық-сандық технологияларды пайдалану арқылы оқыту мен бағалау тапсырмаларын  ұйымдастырудың тиімді  әдіс -тәсілдерін көрсетті.

Аталған іс-шараға облыстың 156 география пәнінің мұғалімдері  қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

           2020 жылдың  21 желтоқсан  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында  облыстық дарынды балаларға  арналған  мамандырылған  «Дарын» мектеп-интернаты мен облыстық үш тілде оқытатын дарынды  балаларға арналған мамандандырылған  мектептің  тәжірибелі мұғалімдері             «Қашықтықтан оқыту жағдайында химия пәнінен олимпиада  есептерін шығарудың  тиімді жолдары», «Химиялық  тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі» тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға облыстың 115 химия пәні мұғалімдері қатысты.