География пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік секция отырысы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 12 тамызда «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік орталығының мәжіліс залында онлайн режимінде география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік секция отырысы өтті. Аталған іс-шараға барлығы 372 педагог қатысты. Секция отырысының барысында «География сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері» әдістемелік нұсқау хат бойынша, география пәні бойынша атқарылған іс-шаралар, сапалы білім беруде функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктерін, сабақ үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, оқушы бойында түйінді, әрі пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, проблемалық оқытудың әдістемесін жүзеге асыру, білімді бақылауды автоматтандыру мен дидактикалық проблемаларды шешу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.