Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

Жуалы ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 20 ақпан күні Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің, «Аягүл» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мектепалды даярлық, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 543 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 19 ақпан күні Байзақ, Жамбыл. Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қалалық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 228 педагогқа әдістемелік көмектер көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

        Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың               15 ақпанында Тараз қаласы, № 40 гимназиясының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Аталған  іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 52 педагог қатысты.

Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде функционалдық сауаттылықты дамыту, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, критериалды бағалауды жүзеге асырудың озық тәжірибелері көрсетіліп,     пән мұғалімдеріне әдістемелік кеңестер берілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика және информатика пәнінің мұғалімдеріне семинар-практикумы өткізілді

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2019 жылдың 15 ақпанында облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің базасында информатика және математика пәнінің мұғалімдері үшін «Математика және информатика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдері қолдану» тақырыбында облыстық  семинар - практикум өтті. Іс-шара барысында LEGO конструкторын құрастыру, робототехника курсының жүргізілуі туралы тәжірибелер таратылып, белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып ашық сабақтар, тренингтер өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстың  26 педагогі қамтылды.

«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және  психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті

          Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 15 ақпанда  «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі  www.sabak.kz  сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері»  тақырыбында онлайн режимінде психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында ОЖСБ-ға дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде іс-әрекет стратегиялары мен тактикалары  бойынша жаттығулар, сенімділіктерін күшейту, стресске қарсы тұру және эмоциялық ерік сферасын дамыту  мәселелері  бойынша көптеген кеңестер берілді.

         Аталған іс-шараға барлығы 285 педагог-психолог қатысты.