ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
2019 жылғы 9 қаңтар күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Оқыту барысында ІТ технологияларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептерінде 6-8 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған іс-шараға барлығы 2259 педагог қатысты.
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған семинарда 6-8 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері монитор экранынан бейнені қалай жазу керек екенін, интернеттен видеоны қалай жүктеуге, өңдеуге болатынын сamtasia studio, academo.org, www.geogebra.org, phet.colorado.edu, www.vascak.cz, www.zygotebody.com, animationsLinks.html т.б. бағдарламалармен жұмыс және ІТ технологияларды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын 40 базалық мектептердің 6-8 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-тренинг өтті
«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде понорамалық сабақ өтті
«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде дәріс өтті