Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін трансляциялау мақсатында семинар-практикум өтті
2018 жылдың 8 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 40 жетекші мектептердің директорлары, мектеп үйлестірушілері және 6, 7, 8 сыныптарға сабақ беретін қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту ерекшеліктері: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау қағидаттары» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумның жұмысы 4 секция бойынша жүргізіліп, «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің даму жоспары», «Математикадан қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шешу», «Оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін тапсырмаларға өлшемдер мен дескрипторларды әзірлеу», «Жиынтық бағалауды ұйымдастыру. Модерация рәсімі» тақырыптарында тренингтер, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өткізілді.
Аталған іс-шараға барлығы 328 педагог қатысты.
«Сюжеттік – рөлдік ойындар арқылы балалардың театрландырылған әрекеттерін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған облыстық семинар-практикум өтті