Новости - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

І Республикалық математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық шығармашылық байқауында 2 педагог жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 10-16 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика, информатика пәндері мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің І ашық республикалық  шығармашылық байқауы өтті.

Шығармашылық байқауда облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Жұмаділов Ержан Есетұлы, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы III орынды иеленді. 
Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

«Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 қаңтар күні  Байзақ ауданы Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында 1,2 сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға Байзақ ауданының 53 педагогі қатысты.

«Тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен www.sabak.kz сайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде 2018 жылғы 12 қаңтар  күні  «Тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  (ЖОО-ның ғалымдары, тәрбие  жұмысына  жауапты  әдіскерлер, мектеп басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар  мен сынып жетекшілер) барлығы 1628  педагог қатысты.