Новости - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

«Біртұтас тәрбие:балаларға ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті»

2025 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жуалы ауданы, №30 Көктөбе орта мектебінің базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Біртұтас тәрбие:балаларға ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 300 ден аса педагог қатыстырылды.

   Семинар жұмысына аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар шақырылды.

   Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталықтың бөлім жетекшісі Г.Келдибаеваның «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайы», Жуалы ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Е.Джузбаевтың «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: әрекет пен нәтиже» тақырыбында баяндамалар, «Құндылықтарға негізделген іс-шараларды ұйымдастыруда жасанды интеллект қосымшаларын пайдалану», «Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беруде дәйексөздердің маңызы», «Тәрбие процесін сәтті жүзеге асыру аспектілері» тақырыбында педагогикалық-психологиялық хакатон, «Қамқор» әлеуметтік жобасының іске асырылуы» тақырыптарында шеберлік сыныптар, «Білім алушы бойына құндылықтарды қалыптастырудағы «Ұшқыр ой алаңы» жобасының маңыздылығы», «Ойынға салауатты көзқарас: лудоманияның алдын алу», «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында «Мамандық таңдау – маңызды қадам», «Smart bala» жобасы аясында «Өнертапқыштыққа бір қадам» тақырыбында практикалық жұмыстары, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітаптар айналымы» тақырыптарында педагогтердің іс-тәжірибелері көрсетілді, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

   Сондай-ақ, өздерінің педагогикалық идеяларының маңыздылығын, жаңашылдығын, басқа әдіс-тәсілдерден ерекшелігін көрсетумен қатар, балаларды тәрбиелеу, ата-аналарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсетті. Қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды. Сонымен қатар, «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар - асыл қазына» концерттік бағдарлама қойылды. Семинар барысында «Ұлттық тәрбие - ұлттық құндылық» атты қолөнер бұйымдары мен суреттер көрмесі қойылды.

            

«Алғысым шексіз сіздерге» атты мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған фестиваль өтті

  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 ақпан күні «Алғысым шексіз сіздерге» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің арасында облыстық фестиваль өтті. 1 наурыз елімізде жалпы халықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Фестиваль барысында педагогтер өз өнерлерін көрсетіп, музыкалық аспаптарда ойнап, мерекелік ахуал қалыптастырды. Облыстық фестивальге аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 15 команда, 75 педагог қатысты.

        

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ ӨТТІ

 2024 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен                    Қордай ауданының Масаншы, Аухатты, Сортөбе, Бәйтерек, Қарасу, Бұлар батыр ауылдарындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінің базасында «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұйымдастыру-әдістемелік негіздері» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Іс-шараға мектеп директорлары, директордың оқу ісі, тәрбие ісі, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым және мектепалды сынып педагогтері, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық пәндерінің мұғалімдері, барлығы 406 педагог қатысты.

          Әдістемелік десант барысында облыстық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскерлері «Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, білім сапасын қамтамасыз етудегі мектепішілік бақылау, мектептің даму бағдарламасы, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары, білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ-2024) нәтижелері, мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары, бастауыш мектеп пен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен білім сапасына әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру» бойынша тиімді ақпараттық-әдістемелік көмектер берді.

Қатысушыларға қажетті материалдардың электронды нұсқалары таратылды.

2025 жылдың 31 қаңтар  күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру аясында білім беру ұйымдарында                              9-11 сынып оқушыларына және кәсіби бағдар беру педагогтеріне арналған халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және сапалы білім алуға  бейімдеу мақсатында  «Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың алғышарттары» атты семинар өтті. Іс-шараға    2141 оқушылар, 948 педагогтер, барлығы   3089 адам  қатысты.

Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмысын ұйлестіру аясында жылдық жұмыс жоспарымен таныстыру,  білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде жоспарлау, әзірлеу, зерделеу және көмек көрсету бойынша стратегиялық көзқарасты қалыптастыру бойынша баяндамалар оқылды. С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері тарапынан және Ақмола облысы «Серпін» білім беру бағдарламалары, бакалавриат бағдарламасы туралы толық ақпарат, Мемлекеттік білім беру гранты және Академиялық ұтқырлық халықаралық байланыстар,  түлектерді 85% жұмыспен қамту туралы   оқушыларға ақпараттар берілді.

                                  

«Кітапхана – ақпараттық сауаттылық мектебі» тақырыбында облыстық семинар өтті 
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 қазан күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітапхана – ақпараттық сауаттылық мектебі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру, қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, кітапхана оқырмандарына кітап оқуды насихаттау. Кітапхана оқырмандарының оқу құзіреттілігін, медиалық-ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 36 кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында «Заманауи кітапхана тенденциялары: «Кітапхана ісіндегі жаңа трендтер мен инновациялар» тақырыбында Тараз қаласы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашы-педагогы А.Журумбаева, «Ступени к творчеству» тақырыбында «ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының кітапхана ісінің бас маманы И.Грицинина, «Кітапханашы - жасанды интеллект әлеміне жолбасшы» тақырыбында Меркі ауданы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Р.Оңалбаева, «Кітапхана - оқу, тану, даму шеберханасы» тақырыбында Жамбыл ауданы А.С. Макаренко атындағы орта - мектебінің кітапхана меңгерушісі Г.Ахамаева іс-тәжірибелерімен бөлісті.