Методическая работа - Оқу-әдістемелік кабинет

Методическая работа

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылы 28 сәуірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

«Әртүрлі мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, ақпаратты интерпретациялау және талдау жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 сәуір күні оқытылуы қазақ тілінде емес сыныптардағы оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге «Әртүрлі мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, ақпаратты интерпретациялау және талдау жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында педагогтермен мәтіндердің жанрлық және стильдік, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, ақпаратты интерпретациялау және талдау жолдарын ұсынды. Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарыда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өтетіндігі және төрт дағдыға сәйкес нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді. Облыстық онлайн семинарға 115 педагог қатысты.

  

«Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жетілдіру жолдары»

тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

 2025 жылдың 17 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік  көмек көрсету және  өзара  тәжірибе  алмасу мақсатында «Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы  облыстық тәжірибелік семинар онлайн режимінде өткізілді, барлығы 150 ден аса педагог қатысты.

Семинар  жұмысына аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, директордың тәрбие, құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар мен пән мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталықтың бөлім жетекшісі Г.Келдибаеваның «Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының жұмысын жетілдіру жолдары», сонымен қатар, «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас», «Ұлттық өнер - ұлылығымыздың белгісі» коучинг сессия, «Қазақ халқының  мәдени мұрасы – қол өнер» жеңгелер мектебі презентация, «Ата - аналар мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас» тренинг, «Тәрбие процесінде  қазақтың дәстүрлері мен мәдениетін енгізу» атты презентация, «Ұлттық киім - ұлт рухының айғағы», «Ұлттық иммунитет» тақырыптарында педагогтардың іс-тәжірибелері көрсетілді, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, өздерінің тәрбие жұмысын жетілдіру бағытындағы тың идеяларының маңыздылығын, жаңашылдығын, басқа әдіс-тәсілдерден ерекшелігін көрсетумен қатар,  балаларды тәрбиелеу, ата-аналарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың  тиімді жолдарын көрсетті. Қатысушылар тәрбие жұмысын  ұйымдастыру  мен  үйлестіру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды.

«Ұлттық тәрбие - ұлт құндылығы» тақырыбында  облыстық тәжірибелік семинар өтті

2025 жылдың 16 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қордай ауданы, №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік  көмек көрсету және  өзара  тәжірибе  алмасу мақсатында «Ұлттық тәрбие - ұлт құндылығы» тақырыбындағы  облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 60 қа жуық педагог қатыстырылды.

Семинар  жұмысына аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, директордың тәрбие, құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер шақырылды.Іс-шара барысында озық іс-тәжірибелер көрсетіліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Қатысушылар тәрбие жұмысын  ұйымдастыру  мен  үйлестіру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды.

 «Мақсатты мектептер»  жобасына енген орта білім беру мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін «PIRLS халықаралық  зерттеуін жүзеге асырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» атты облыстық  онлайн семинары өтті

         Облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында 2025  жылдың 17 сәуір күні «PIRLS халықаралық  зерттеуін жүзеге асырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында онлайн семинары  өтті. Мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру.                                                                       

         Аталған іс-шара барысында «Мақсатты мектептер» жобасына енген орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері PIRLS халықаралық зерттеуі бойынша алынған деректер мен нәтижелерді талдап, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығына тигізетін әсерін жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар, цифрлық құралдар мен интерактивті ресурстарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу материалдарын әзірлеу және ұсыну жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

Іс-шараға аудандық  (қалалық) білім бөлімдерінің бастауыш сынып әдіскерлері, «Мақсатты мектептер» жобасына енген орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып  мұғалімдері,  барлығы 343  педагог қатысты.