Методическая работа - Оқу-әдістемелік кабинет

Методическая работа

«География сабағында географиялық карталарды оқу, қолдану» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың  2 мамыр күні «Geo World» жобасы аясында «География сабағында географиялық карталарды оқу, қолдану» тақырыбында  облыстық  шеберлік сынып   өтті. 

        Іс-шара барысында жас педагогтерге картамен ақпарат іздеу, талдау, қорытынды жасау түрлері,  географиялық құбылыстарды түсінуге бағытталған тапсырмалар, географиялық объектілерді картадан табу, географиялық картаның мәні, түрлерін түсіндіру және оны тиімді қолдану жолдары  көрсетіліп, ақпараттық-әдістемелік көмек  берілді.

      Аталған іс-шараға география пәнінің әдіскерлері мен география пәнінің мұғалімдері, жалпы  93  педагог қатысты.

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндеріндегі күрделі мақсаттармен жұмыс түрлері»

атты облыстық ашық сабақтар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 30 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының 9-11 сыныптарында ашық сабақтар өтті.

Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын меңгерту мақсатындағы іс-шарада «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды.

Академиялық жыл аяқталған кезде 5-8, 10 оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті», қазақ сыныптарындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өтетіндігі және төрт дағдыға сәйкес аралық аттестаттаудың нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру  жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер, Шу ауданы, Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Жапсарбаев 9 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Табиғат ресурстары-ел байлығы», Тараз қаласы, Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Байгулиева 9 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Қазақстан жеріндегі табиғат ресурстары», Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Демесинова 10 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Ш.Құсайынов «Томирис» пьесасы, Талас ауданы, Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  А.Мылтыкбаева 10 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Қазақтың танымал сәулетшілері», Сарысу ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Конысбаева 9 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Н.Айтұлы «Тәуелсіздік жетістіктері», Жуалы ауданы, Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бейсенбаева 9 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен   Қ.Мұхамедқалиев «Тар кезең»,  Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Абуева 11 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен  Э.Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі, Жамбыл ауданы, Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Абдрасилова 11 сынып қазақ әдебиеті пәнінен Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасындағы замана көрінісі тақырыптарында ашық сабақтар өтті.

Облыстық ашық сабақтар циклына 45 педагог, 116 оқушы қатысты.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылы 28 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдеріне Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының әскери және әдеби мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының педагогтері қатысты.

          Іс-шараның пленарлық бөлімінде сөз алған Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының ғылыми қызметкері Ахмер Біржан Ермекұлы,  Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы, Алматы қаласы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филолог.ғ.д,. Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы, Жамбыл облыстық ғылыми-өлкетану музейіне қарасты «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Момынқұл Бекет Әбділдәұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Найзабай Әлімбай Аманбайұлы жауынгер жазушының өмір жолын, әскери және әдеби мұрасын кеңінен насихаттап,  қоғамдық қызметі мен тарихи рөлі туралы тың деректер ұсынды.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға 215 педагог  қатысты.

«Аралық аттестаттау: әдістемелік ұсыным талаптары мен негізгі принциптері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне

облыстық онлайн  семинар өтті

           Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 сәуірінде білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын меңгерту бойынша 5-8, 10 сыныптарда өтетін аралық аттестаттау ерекшеліктерін меңгерту мақсатында «Аралық аттестаттау: әдістемелік ұсыным талаптары мен негізгі принциптері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті.

  Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласында өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует» атты республикалық семинар-кеңесі барысында қабылданған ұсынымдар талданды. Аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндеттері мен емтиханды өткізу талабына тоқталды.

Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдарын түсіндіріп, мәтінге қойылатын талаптарды баяндады. Облыстық онлайн  семинарға  110 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әлеуметтік жобалардың орны» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті»

2025 жылдың 24 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептердің тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі әлеуметтік жобалардың орны» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 100 ден аса педагог қатысты.
Шығармашылық зертхана жұмысына аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қатысты.
Іс-шара барысында педагогтардың іс-тәжірибелері көрсетілді, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, сондай-ақ, өздерінің тәрбие жұмысын жетілдіру бағытындағы тың идеяларының маңыздылығын, жаңашылдығын көрсетумен қатар, жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетіп және ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.