«Внедрение и реализация исследования урока в школьную практику с целью улучшения качества преподавания и обучения»тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
2021 жылдың 12 наурыз күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында «Үздік педагог-2015» байқауының жеңімпазы, Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі С.Скребецтің «Внедрение и реализация исследования урока в школьную практику с целью улучшения качества преподавания и обучения» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында С.Скребец «Ұстаз – мектептің жүрегі» бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша ұйымдастырылған жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, шығармашылық қабілетін арттыру бағытындағы әдіс-тәсілдер туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 117 педагог қатысты.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 наурыз күні білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Арттерапия негіздері: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Аталған іс-шараға барлығы 128 педагог қатысты.
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«Мектепте сабақты зерттеу (Lesson study) әдістері: тәжірибе және нәтиже» тақырыбында қашықтан вебинар өтті