«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті
2018 жылдың 12 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық Айша-бибі атындағы қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Сауытбай Рүстем «Application of Derivative.Туындының қолданылуы» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, қарапайым термин сөздердің ағылшын тілінде қолданысы туралы мағлұматтар берді. Аталған іс-шараға облыстың 405 педагогі қамтылды.