БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Қазіргі мектеп, колледж кітапханасы жұмысындағы заманауи әдістер»  атты  облыстық семинар – практикум өтті

          2018 жылы 5 наурызда облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Қазіргі мектеп, колледж кітапханасы жұмысындағы заманауи әдістер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

          Семинар білім беру мекемелерінде кітапхана жұмыстарын жетілдірудің тиімді жолдарымен таныстыру, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Аталған іс-шара  жұмысына 40-тан  астам  аудандық /қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен колледж кітапхана қызметкерлері қатысты.

Мойынқұм, Шу аудандарында әдістемелік десант өтті

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні  Шу ауданы №40 орта мектептің базасында Мойынқұм, Шу аудандарының педагогтарына арналған  «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Шара мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдер, барлығы 353 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізілді. Жиын соңында қатысушыларға  электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Алғысым шексіз сіздерге» атты облыстық фестиваль өтті

Жылдық жоспарға сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 1 наурыз Алғыс айту күніне орай,  Жамбыл ауданы «Болашақ» бөбекжайының базасында фестиваль ұйымдастырды.

«Алғысым шексіз сіздерге» атты іс-шара мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының арасында өткізілд. Фестивальға 60 педагог қатысып, үздіктер анықталды.

Қордай ауданында әдістемелік десант өтті

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Білім сапасын арттырудың негізі – нәтижеге бағытталған білім» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Шара мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. 
Әдістемелік десантқа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері, барлығы  348 педагог қатысты.
Секция жұмыстарында қорытынды аттестаттау мен ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар,  психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Жатақхана Life», «Ашық есік күні» өтті

2018 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті және Тараз қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесе отырып, мектеп-интернат тәрбиешілеріне психологиялық қызметтің бірлескен жұмыс жүйесіне тарту, ата-аналардың баламен өзара тығыз байланыста болуына қолайлы жағдай жасау арқылы қарым-қатынастық құзіреттілікті арттыру мақсатында «Жатақхана Life» «Ашық есік күні» атты семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум жұмысына білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, ата-аналар, барлығы 87 адам қатысты.