Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне 2021 жылдың 9 сәуірінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтар білім сапасын арттырудың тиімді жолдары, Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды құрастыру алгоритміне, тапсырма құрастыру кезінде мұғалімдердің білуі қажет қағидаттарға тоқталды. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкестігін, ойлау дағдыларының деңгейлері бағалау критерийлеріне сәйкестігі, толық және қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаға қойылатын талаптар мен жиынтық бағалаулардың тапсырмаларын құрастыруда сапалы нәтижеге қол жеткізудің аспектілерін, тапсырмаларды тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды.
Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 282 педагог қатысты.