«Қаршыға Ахмедияровтың күйлерінен» атты шығармашылық облыстық байқауы өтті.
Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 31 наурыз күні Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдығына орай музыка пәні мұғалімдері арасында «Қаршыға Ахмедияровтың күйлерінен» атты шығармашылық облыстық байқауы қашықтық форматында өткізілді. Байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті, «Музыка және Хореография» кафедрасының профессоры Молдыбаев Аман Шонбайұлы, «Музыка және Хореография» кафедрасының доценті Рысметов Ержан Ходжабергенұлы қазылық етті.
Нәтижесінде бас жүлдені Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Тауасаров Ерболат, I орынды Меркі ауданы, М.Жылысбаев атындағы №14 орта мектептің мұғалімі Қарабаев Бауыржан, II орынды Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының мұғалімі Сұлтанбергенова Айман, Сарысу ауданы, Игілік ауылдық балалар өнер мектептің мұғалімі Бектибаев Асқар, III орынды Сарысу ауданы, Игілік ауылдық балалар өнер мектептің мұғалімі Махамбетов Орынбасар, Меркі ауданы, Савва атындағы № 9 орта мектептің мұғалімі Оспанова Баянсұлу иеленді.