БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Ең үздік ашық сабақ» атты облыстық сырттай байқау өтті

2021 жылдың  26 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында тарих пәні мұғалімдері арасында «Ең үздік ашық сабақ» атты облыстық сырттай байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру және оларға қолдау көрсету.

Байқау барысында өскелең ұрпаққа Қазақстанның әлем елдері қатарындағы беделі, еліміздің бастамалары, мемлекетіміздің ұлттық тарихы, Елбасының рөлі, ұлт мұраттарын насихаттау туралы ашық сабақтар ұсынылды. Байқауға Тараз қаласы мен облыс аудандарынан барлығы                             20 педагог қатысты.

 

 

 

 

«Кітапхана – озық тәжірибе зертханасы» тақырыбында онлайн режимінде   шеберлік сынып  өтті

          2021 жылдың 2 наурыз күні  облыстық  оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   аудандық, Тараз қалалық  білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Кітапхана – озық тәжірибе зертханасы» тақырыбында онлайн режимінде   шеберлік сынып  өтті.

           Іс шараның мақсаты - кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу.

Шеберлік сынып жұмысы барысында Шу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі  А. Ұзақбекова «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде кітап оқуды дамыту: жаңа мүмкіндіктер», дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-интернатының   кітапхана меңгерушісі Г. Тұрсынбаева «Кітап оқудың онлайн мүмкіндіктері», Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы   мектеп - гимназиясының    кітапхана   меңгерушісі Л. Қосаева «Кітапхана кеңістігінің дизайны-кітапханашының табысты қызмет етуінің құрамдас бөлігі», Жамбыл ауданы, А.Макаренко атындағы орта мектептің кітапхана     меңгерушісі Г. Ахамаева «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» акциясы,  «Жыл кітаптарын бірге оқиық» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 167 білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. 

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Қашықтан оқыту жағдайында мектепті басқару жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы, білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер көрсету, жас мектеп басшыларының  басқару мәдениетін дамыту, ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 3 наурызында «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектепті дамыту жоспарын сапаға бағыттау жолдары» атты облыстық онлайн тәжірибелік семинар өтті.

Тәжірибелік онлайн семинарға мектеп басшыларымен жұмыс жүргізетін жауапты әдіскерлер, жаңа тағайындалған мектеп директорлары, барлығы 160 адам қатысты.

          Іс-шара барысында мектеп басшыларына білім мекемесінің даму жоспарының диагностикалық талдауының тиімді жүргізілуі, мектептің басымдықтарын анықтау жолдары, педагог қызметкерлердің кәсіптік тұлғалық ерекшеліктері және білім беру ұйымы қызметінің аспектілері мен бағыттарының толық қамтылу жолдары, креативті жобаларды қолдану арқылы білім сапасын жақсарту, фунционалдық міндеттерді бөлу және командалық жұмысты ұйымдастыру дағдысын дамыту жолдарын нәтижеге бағыттау туралы, сондай-ақ, Меркі ауданы, Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының қашықтан оқыту жағдайында мектепті дамыту жоспарының ерекшеліктері және мекемені басқаруды жүйелі ұйымдастыру жолдарымен тәжірибе алмасып, тәжірибелік семинарға қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмектер  ұсынылды.

 «География сабағында қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістері»    тақырыбында  семинар өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 наурыз күні «География сабағында қалыптастырушы бағалаудың түрлері мен әдістері» тақырыбында  география пәні мұғалімдеріне арналған  онлайн режимінде семинар  өтті.

       Аталған іс-шараға 217 педагог қатысты.

       Семинар барысында география пәні мұғалімдеріне  қалыптастырушы бағалау  арқылы  оқудағы  өзін-өзі  реттеуді  дамытудың түрлері мен әдістерін тиімді қолдану, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмінің нәтижесін арттыруға бағытталған әдістемелік  кеңестер  ұсынылып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың  қабілеттерін  дамыту  бойынша  әдістемелік  көмек  көрсетілді.

«Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулері негізінде функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  семинар-практикум  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың 2 наурыз  күні  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен  бастауыш сынып мұғалімдері үшін  «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулері негізінде функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында  облыстық семинар-практикум өтті.  «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 300 педагог қатысты. 

Семинар  қатысушылары  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулеріннің нәтижелері мен дайындық жұмыстары, зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық  сауаттылығын дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері бойынша тәжірибе алмасты.