БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылдың 19 наурыз  күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар-практикум барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара сабақтары мен шеберлік сыныптарымен бөлісті.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан 97 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   2021 жылдың 19 наурыз күні білім беру ұйымдарының директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Жеткіншектер арасында девиантты мінез-құлықтың пайда болуының әлеуметтік-психологиялық себептерін алдын алу және түзету жолдары»  тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.  Аталған іс-шараға барлығы  117 педагог қатысты.

       Іс-шара барысында құқықтық тәрбие бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша және жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктеріне қажетті психологиялық көмек көрсету барысында бірқатар сұрақтарға жауап алып, тақырып аясында пікір алмасты.

 «Жеке  тұлға  бойында  рухани-патриоттық  тәрбиені  қалыптастыру  жолдары»  тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 18 наурыз  күні  директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге  арналған  «Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары»  тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы 119  педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар рухани-патриоттық тәрбиені жетілдіру     бойынша жүргізілетін  жұмыстарды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты.

 

 

 

 

 

 

 

«Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

            2021 жылдың 19 наурыз күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында «Үздік педагог-2013» байқауының жеңімпазы, Меркі ауданы, И.Трубицын  атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бектіғұлованың  «Тілдік дағдыларды игеруде функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы  өткізілді.

Іс-шара барысында Н.Бектіғұлова «Ұстаз – ұлы есім»  бейнетаспасымен, педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы, тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдары мен тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері, қазақ тілін деңгейлеп оқытудың басты ұстанымдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 110 педагог қатысты.

«Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  17  наурыз  күні  жалпы орта білім беретін ұйымдардың инклюзивті білім беру, әлеуметтік педагогтер, психологтар мен үйден оқытатын  мұғалімдері  үшін  «Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары»  тақырыбында облыстық  вебинар өткізілді.

 «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  100-ге жуық педагог қатысты. Іс-шара барысында  "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., доцент Каплиева Айгуль Кыдырбаевна Білім және ғылым министрлігінің Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға инклюзивті білім беруді дамыту тәсілдері мен перспективаларымен,  заманауи және  халықаралық  талаптарды ескере отырып, білім беру саласындағы негізгі принциптерге, "кедергісіз орта" құру ерекшеліктері  және Жапония мемлекетінің жаңаша әдістерімен бөлісті. "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Тараз қаласындағы филиалының жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен  БЖБ, ТЖБ өткізу тәртіптері бойынша тәжірибе алмасты.