"ОТАНЫМА ДЕГЕН МЕНІҢ БАСТАМАМ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2019 жылдың 16 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары арасында дарынды балаларды анықтау, оқушылардың бастамаларын дамытуға ықпал ету мақсатында "Отаныма деген менің бастамам" тақырыбында облыстық шығармашылық жобалар байқауы өткізіледі. Байқауға жалпы 18 мектеп оқушыларының жұмысы қабылданды. Байқауға барлығы 20 оқушы қатысты.
Байқау "Өз жылуыңмен бөліс", "Туған қалаға-игілікті істер", "Мен Қазақстанның азаматымын", "Медиа жобалар", "Менің кіші Отаным", "Қазақстанның жеті кереметі", "Қазақстанның 100 жаңа есімі", "Жаңғырту полюсі", "Киіз үй-ғаламның моделі" номинациялар бойынша өткізілді, әлеуметтік мәселелерге және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.