«BILIM FM мектеп радиосы» облыстық байқауы өтті
2019 жылдың 26 сәуір күні облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «BILIM FM мектеп радиосы» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға білім беру ұйымдарынан 50 оқушы қатысты.
Мектеп радиолары - оқушылардың туған өлке тарихына, мәдени, табиғи мұрасына деген қызығушылығын арттыру мен белсенді өмірге тәрбиелеуге бағытталған және «Жаңа күн», «Туған өлке», «Сен білесің бе?», «Қазақ эпостары» бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.
Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.